«Алаш арманы – Азаттық!»

alasharystaryМіржақып Дулатұлы – қазақтың аяулы арыстарының бірі. Өз заманында «Оян, қазақ!» деп ұран салған Міржақып Дулатұлының өмірі Тәуелсіздік үшін күреспен өтті. Қоғам қайраткері елі үшін ерен қызметімен болашаққа ақжол ашты. Ал біз – бүгінгі ұрпақ, өз кезегімізде ер есімін ел есінде қалдырып, келешек ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. 25-қарашада Ұлт болашағының бағдаршамы болған Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толады. Осыған орай, 20 қараша күні, сағат 11.00-де өтетін «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейімен (Семей қ.) «Алаш арманы – Азаттық!» атты онлайн кездесуге шақырамыз.