Ұлы дала үнi

afisha Den dombry5 шілде - Ұлттық домбыра күні. Қазақтың қаны мен жаны – қастерлі Домбыраны   ұлықтайтын бұл күні біздің кітапхана бұқараға  арнайы онлайн – бағдарлама  ұсынады.  Біз бағдарламамызды Сіздер үшін неғұрлым қызықты және танымдық түрде жасауға  күш салдық. Мәселен,  астанамыз Нұрсұлтаннан күйші Дина Кенжеқызының шөбересі Төлеген Қуанышевты іздеп – тауып, алдын ала онлайн сұхбат жасадық. Педагогика  ғылымының кандидаты, профессор Төлеген Қуанышев  сіздермен онлайн жүздесуде  күйші Дина әжелері туралы қызықты деректер айтып береді. Сонымен бірге, отбасында сақталған  мұрағаттар және  өзі жазып жатқан Дина күйші туралы зерттеу еңбегіне де тоқталып өтеді. Айтпақшы, күйші Дина шөбересіне Төлеген деп ат қойып, бата бергені де әңгіменің қызықты бір дерегі.
Танымал күйші,  «Көкіл» мектеп – колледжінің директоры, профессор Абдулхамит Райымбергеновтің домбыра үйрету  мектебі және ұлттық аспаптың бала өміріндегі маңызы туралы әңгімесі де сіздер үшін тәлімді болады деп үміттенеміз.
Суретші, ұлттық аспаптарды жасау шебері Жолаушы Тұрдығұлов онлайн – сұхбатында  домбыра  жасау шеберлігінің қыр-сыры туралы әңгімелеп береді.
Сонымен бірге, біздің бағдарлама барысында Шығыс Қазақтан өнер колледжінің оқытушысы, музыкатанушы Қарлығаш Құнафинамен онлайн-жүздесуге куә боласыздар.
Өскеменде «Домбыра А1» атты онлайн мектебін ашқан жас дарынды  музыкашы  Арлан Сүлейменовтың  домбыраға деген әуестігі қалай оянғаны, домбыраны қалай үйренгені, қашықтағы мектебін қалай ашқаны туралы әңгімесі және төгілте шерткен күйлері сіздерге мерекелік көңіл силайтын болады.
Осындай танымдық-тағлымдық қашықтағы жүздесулермен бірге, домбыра туралы кітапхана қызметкерлері дайындаған «Абайдың  домбырасы», «Әл-Фараби еңбектері. Домбыра аспабы туралы деректер», «Күй атасы  Құрманғазы Сағырбайұлы», «Дина Нурпеисова в изобразительном искусстве» тақырыбындағы қызықты бейне/материалдарды да назарларыңызға ұсынатын боламыз! 
Олай болса, құрметті Ағайын, 5-шілдеде  біздің әлеуметтік желілерде қасиетті Домбыраны бірге ұлықтайық!
Первое воскресенье  июля - День национальной  домбры. Библиотека поздравляет с ярким праздником и дарит увлекательную онлайн-программу: «Аль-Фараби и домбра», «Домбра Абая», «Выдающиеся домбристы», «Поздравления мастеров», «Волшебные звуки домбры», «Легенды о домбре» и многое другое. Добро пожаловать в мир звуков Великой степи!