Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында, Өскемен қаласында 2023 жылғы 16-17 мамыр күндері «Кітапхана – ХХІ ғасырдағы сауаттылық түрлерін қозғалтқыш күш» тақырыбында республикалық конференция өтеді. Конференция қазіргі заман үшін өзекті болып отырған кітапханалар жұмысына цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған.
Конференцияны ұйымдастырушылар – Өскемен қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана және Шығыс Қазақстан облысының кітапханашылар қауымдастығы. Біз Қазақстан кітапханашыларын ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кітапхананың ХХІ ғасыр дағдылары мен халықтың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тәжірибесімен танысуға шақырамыз.
Бүгінгі күні О.Бөкей атындағы кітапхананың «VR-studio», «IT – арулар мектебі», «Жас IT-маманы», «BokeyMobile», «Сөйлеуді дамыту және түзету» тәрізді инновациялық жобалары сәтті жүзеге асты. Қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығының артуына 3D-үлгілеу, робототехника, анимация жасау, мультфильм түсіру құралы, 3D-принтер, Logo-25 көпфункционалды сенсорлық жабдықтар мен 3D-қаламды пайдалануды үйрету бойынша кітапхана курстары ықпалдық етеді. Жазушы Оралхан Бөкейдің әдеби мұрасымен толық танысуға мүмкіндік беретін www.bokey.kz электронды кітапханасы құрылған.
Конференцияда айтылған тақырып бойынша өз тәжірибесімен бөліскісі келетіндер ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін бізге хабарлаулары қажет, бағдарламаға енгізу үшін. Конференция бағдарламасы қатысушыларға ағымдағы жылдың 15 сәуірінен кейін кітапхана сайтында жарияланады.
Конференцияның өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана. Конференцияның өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана. Тіркелу - www.bokeylibrary.kz . сайты арқылы.
Өтініштер сондай-ақ ukcbs@mail.ru электрондық поштасы арқылы да қабылданады (форма қоса беріледі).
Анықтама телефондары: 8 7232 250364, +7 707 494 9883.
Іссапар шығындары – жіберуші тарап есебінен.
Ізгі тілекпен,
Кітапхана директоры,
ШҚО Кітапханашылар
қауымдастығының басшысы
К.Акжигитова
Исп. Жиенбекова Ж.М.
тел. +77778550705