Кітапхана туралы
Өмірбаяны
1963 жылы 24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген.
1980 жылы Зайсан қаласындағы Мұхтар Әуезов орта мектебін тамамдаған соң, 1982-1984 жылдары әскери борышын Қырым түбегіндегі Қара теңіз флотында өтеген. Білімі жоғары. Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын тәмамдаған.
2004 жылы туған өлкесі Шығыс Қазақстанға оралып, қазіргі таңда жас ақындарды ұстаздық етумен қатар, облыстық «Дидар» газетінде журналист болып қызмет етеді.
Серіктің облысымыздағы мемлекеттік тіл, әдебиет пен өнер, салт-дәстүр, ұлттық тәлім-тәрбие тағы да басқа өзекті тақырыптарды қамтып баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалары газет оқырмандары тарапынан қызу қолдау тауып, өзін журналистика саласында да бір қырынан таныта білді.
Серік ақын ең алғаш өнер туын көтерген Павлодар облысында 18 жыл тірлік етіп, 2004 жылы туған жеріне оралып, жас ақындардың талабын ұштауға да еңбек сіңірді.
1988 жылдан ақындық өнерді мұрат тұтқан Серік Құсанбаев жыр сайыстарына жауапкершілікпен қарап, талай іріктеуден өтіп, нәтижесінде халықаралық, республикалық және аймақтық дәрежелердегі жеңістердің иесі, сыйлықтардың жүлдегері және тұғырынан көрінген, ән өнері-төремен тілді де сан қырынан таныта білген арқалы өнерпаз.
Шығыс ақыны өз өнерін Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей елдерінде де паш етіп, барлық сапарлардан абыроймен оралған.
Серік Құсанбаев – қазақ халқының бірегей айтыс өнерін 30 жылдан астам уақыт көлемінде насихаттауға зор үлес қосқан дарын.
