• Майданға 1,2 миллион қазақстандық аттанды.
  • 600 мың адам шайқаста қаза тапты.
  • 3,5 мың қазақстандық партизандар қозғалысына қатысты.
  • АРМИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР
    • Соғысқа жұмылдырылғандардың 30 пайызы Қазақтар
    • 25-30% - бөлімдерде
    • 90% - ұлттық қазақ бірлестіктерінде соғысқа қатысты
  • МАРАПАТТАЛҒАНДАР
    • 500 қазақстандық - Кеңес Одағының Батыры
    • 137 қазақстандық - «Даңқ» орденінің толық иегері
  • ШЕЙІТ БОЛҒАНДАР
    • 279 700-ден астам адам қаза тапты
    • 271 505-тен астамы хабарсыз кеткен
    • 4266-дан астамы ауруханаларда қайтыс болды
СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА ҚҰРЫЛДЫ
  • 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы,
  • 7 атқыштар бригадасы, 2 ұлттық атқыштар бригадасы,
  • 50-ге жуық жекелеген полктер және батальондар
ҚАЗАҚ ЕЛІ – МАЙДАН ТІРЕГІ
ӨНДІРІС, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚОРЛАР

1941-1945 жылдары Қазақстанда 460 фабрикалар, шахталар мен зауыттар салынды.

Елімізде қорғасынның 85%, мыстың 35%, молибденнің 60% өндірілді.

10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан құйылды.

Көмір өндіру 34 млн тоннаға, мұнай өндіру 39%-ға өсті.

ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ КӨШІРІЛГЕН ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕР

Қазақстанға 220 кәсіпорын көшіріп әкелінді. Олардың басым бөлігі Алматы, Қарағанды, Орал, Петропавл қалаларына орналастырылды.

1 миллионға жуық адам және өнеркәсіптік құрал-жабдықтар әкелінді.

Шахталар, металлургиялық және машина жасау зауыттары жедел қалпына келтіріліп, іске қосылды.

КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

Мақат – Орск, Ақмола – Магнитогорск (1942–1943) жолдары салынды. Майданға 14,1 мың машина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы жіберілді.

ХАЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ

Қазақстандықтар танкілер мен ұшақтар жасауға 480 миллион сом жинады.

Қазақстан комсомолдары майданға 45 танкі жіберді.

ҚАЗАҚ ЕЛІ – МАЙДАНННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫ

Қазақстан КСРО-дағы ірі мал шаруашылығы базасы болды (мал саны бойынша 2 орын). 1941-1945 жылдары Қазақ Елі майдан үшін 4,8 миллион тонна астық, 733,9 мың тонна ет, 1142,3 мың тонна сүт, 14,4 мың центнер картоп пен көкөніс, 62,4 мың тонна жүн өндірді.