Марапаттары және Айтыстағы жүлделері

1989 жылы — «Наурыз» айтысының бас жүлдегері. Алматы.

1989 жылы — Республикалықайтыстың жүлдегері. Ташкент.

1990 жылы — «Наурыз» айтысының бас жүлдегері. Алматы.

1990 жылы — ІІІ республикалық айтыстың бас жүлдегері. Алматы.

1990 жылы — ақын Мұхиттың 150 жылдық айтысының Бас Жүлдегері. Орал.

1991 жылы — Абылай ханның 280 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдегері. Көкшетау.

1991 жылы — Л.Алтынсариннің 150 жылдық айтысының бас жүлдегері Қостанай.

1991 жылы — Қабанбай батырдың 300 жылдық айтысының І жүлде иегері. Семей қаласы.

1992 жылы — «Ұлытау үні» фестивалінің лауреаты, бас бәйге. Жезқазған.

1993 жылы — Торғай өңірінде өткен Шақшақұлы Жәнібек Тарханның 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың І жүлде иегері. Торғай облысы.

1994 жылы — Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық айтысының бас жүлдегері. Ақмола.

1994 жылы — Абай Құнанбаевтың 150 жылдық айтысының бас жүлдегері. Ақтөбе.

1999 жылы — Оралхан Бөкейдің 60 жылдығы мен Қорқыттың 1000 жылдық айтысының бас жүлдегері. Петропавл.

2001 жылы — Оралхан Бөкей атындағы айтыстың І жүлдегері. Өскемен.

2001 жылы — нежеке-жеке айтыстың жеңімпазы. Алматы.

2003 жылы — Ғабит Мүсіреповтың 100 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдегері. Петропавл.

2003 жылы — Оралхан Бөкейдің 60 жылдығына арналған айтыстың І орын жүлдегері. Катонқарағай ауданы.

2006 жылы — Жамбыл Жабаевтың 160 жылдық мерейтойына арналған республикалық айтыстың бас жүлдегері. Шымкент.

2015 жылы — ақын Сембай Жансақовтың 60 жылдығына арналған облыстық айтыстың І орын жүлдегері. Тарбағатай ауданы.

2016 жылы — Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық айтыстың бас жүлдегері. Өскемен.

2019 жылы — айтыскер ақын, драматург Ерік Ажғарұлының 60 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері.

2019 жылы — Қостанайда өткен Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған республикалық айтыстың ІІ орын жүлдегері.

2019 жылы — Қазақ ақындары арасындағы жыл сайын жүргізілетін айтыскерлер рейтингi бойынша 110 ақынның арасынан алғашқы тоғыздық тiзiлiмде, республикалық «Алтын домбыра – 2019» жүлде сайысына жолдама алды.

2019 жылы — айтыс саласындағы сіңірген еңбегі мен шығармашылық жетістігі үшін ҚР Министрлер кабинетінің, 2000 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың, 2007 жылы ҚР Мәдениет Министрлігінің мақтау грамоталарымен марапатталған.


Құсанбаев Серік Саудақасұлы «Қазақстанның мәдениет қайраткері», Зайсан ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисі», «Айтыстың ақтаңгер» ақындарының иегері.