Кітапхана туралы
Қазақстандықтардың ерлігі


Соғыс басталысымен Қазақ Елінде әскери бөлімдер құрылу қарқынды жүргізілді. 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полктер мен батальондар құрылды.
БРЕСТ ҚОРҒАНЫСЫ: СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ
Соғыстың алғашқы күндерінде Брест қорғанысындағы сұрапыл ұрысқа қатысқан сан ұлттан құралған әскери күш ерен ерлітерімін тарихта қалды. Олардың қатарында Қазақ Елінің қаһармандары В.Фурсов, Қ.Турдыев, Ш. Чултуров бар.

МӘСКЕУ ШАЙҚАСЫ
Қазақ жауынгерлері Мәскеу үшін шайқаста өшпес даңққа бөленді.
Мәскеу үшін болған шайқаста Қазақ Елінде жасақталып, Бауыржан Момышұлы және И.В.Панфилов басшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы (Алматы), 312-атқыштар дивизиясы (Ақтөбе), 238-ші атқыштар дивизиясы (Семей) ерен ерліктерімен өшпес даңққа бөленді.

ЛЕНИНГРАД ШАЙҚАСЫ
Ленинградты қорғау шайқасына Қазақ Елінің 310-шы және 314-ші дивизиялары қатысты. Қазақтар құрылықпен бірге теңіз ұрыстарында да ерекше көзге түсті. Киров крейсерінде 156 қазақстандық болды. Ленинград үшін шайқаста пулемет бөлімшесінің командирі болған Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов оқ шашқан пулеметтің аузын кеудесімен жауып, өзгелерге жол ашты. Ораниенбаум плацдармында 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков, 314-ші дивизия жауынгері Г.П. Зубков, артиллериялық бақылау дивизиясының командирі С.Жылқышев ерлік көрсетті. Қазақтың дауылпаз ақыны Жамбыл Жабаев "Ленинградтық өрендерім!" атты өлеңімен жауынгерлерді және Ленинград қоршауындағы орыс халқын жігерлендіріп, рух берді. 900 күн қанды қырғын ортасында қалған Ленинград қаласының қоршауы 1943 жылы бұзылды. 1944 жылы қаңтарда қала жаудан толықтай азат етілді.

СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ
Қазақ Елінде жасақталған 129-шы миномет полкі, 152-ші атқыштар бридасы, 27-ші, 72-ші, 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары, 292-ші, 387-ші атқыштар дивизиялары, 81-ші атты әскер дивизиясы, 74-ші теңіз атқыштар бригадасы, 156-шы көпір салу батальоны Сталинград шайқасына қатысты. 62-Армияның құрамында 4000-ға жуық қазақ болды. 64-Армияның құрамында 29-шы, 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы Курск бұғазындағы қорғаныс пен қарсы шабуылға қатысты. Бұл шайқаста 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы да шайқасты.

КУРСК ШАЙҚАСЫ
Курск түбіндегі қиян-кескі ұрыста Қазақстандық 72-ші, 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.
БАГРАТИОН – БЕЛОРУСЬ ОПЕРАЦИЯСЫ
«Багратион» деп аталған ауқымды ұрысқа қазақтың ұлттық құрамалары 100-ші және 101-ші атқыштар бригадалары, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары қатысты.
ДНЕПРДІ КЕСІП ӨТУ ОПЕРАЦИЯСЫ
Соғыс кезіндегі ең ірі шешуші шайқастардың бірі – Днепр өзенінен өту шайқасына қазақстандық 8-ші және 38-ші атқыштар дивизиясы қатысты. 8-ші атқыштар дивизиясы өзеннен бірінші болып өткені үшін 46 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды.

БЕРЛИНГЕ ШАБУЫЛ
1945 жылы 16 сәуірден 8 мамырға дейін созылған Берлинді басып алу ұрыстарына елімізде жасақталған 3 ат¬қыштар дивизиясы, 1 артиллерия, 2 атқыштар полкі қатысты. Взвод командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып Рейхстагқа Жеңіс туын тікті
