ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНА МАМАНДАРЫ!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Өскемен қаласында 2023 жылы, 16-17 мамырда «Кітапхана – ХХІ ғасырдағы сауаттылық түрлерін қозғаушы күш» тақырыбында республикалық конференция өтеді.

Мақсаты: Кітапхана қызметіне сандық (цифрлық) технология түрлерін енгізу мәселелері бойынша іс-тәжірибе, ой-пікір бөлісу.

Конференцияны ұйымдастырушылар – «Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ және «Шығыс Қазақстан облысының кітапханашылар қауымдастығы» ҚБ.

Өтетін мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана. Тіркелу - www.bokeylibrary.kz . сайты арқылы.

Өтініштер ukcbs@mail.ru электрондық поштасы арқылы да қабылданады (өтініш үлгісі қоса беріледі).

Өтініштер сондай-ақ ukcbs@mail.ru электрондық поштасы арқылы да қабылданады (форма қоса беріледі).

Анықтама телефондары: 8 7232 250364, +7 707 494 9883.

Іссапар шығындары – қатысушыны жіберетін тарап есебінен.

Бүгінгі таңда Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «VR-studio», «IT – арулар мектебі», «Жас IT-маманы», «BokeyMobile», «Сөйлеуді дамыту және түзету» және т.б. көптеген заманауи жобалар сәтті жүзеге асырылуда. 3D-үлгілеу, робототехника, анимация жасау, мультфильм түсіру студиясы, 3D-принтер, Logo-25 көпқұрылымды сенсорлық жабдықтар, 3D-қалам және басқа да технология түрлері арқылы бұқараның сандық үлгідегі сауатын ашатын кітапхана курстары белсенді жұмыс істеуде.

Оралхан Бөкейдің өмірбаяны және әдеби мұрасымен кеңінен танысуға мүмкіндік беретін www.bokey.kz электронды кітапханасының қорын жинақтау жалғасуда.

Сандық үлгідегі технология түрлерін кітапхана қызметіне енгізу бойынша осы және басқа да заманауи жобаларымызбен алқалы жиында кеңінен танысып, іс-тәжірибе жүзінде өздеріңіз де жүзеге асырып көретін боласыздар!

Ізгі тілекпен ,
Қ.Ақжігітова
кітапхана директоры, ШҚО Кітапханашылар
қауымдастығының төрайымы


Аты-жөні, тегі
Қызметі және жұмыс орыны
Мекенжайы
Байланыс телефоны
Электронды мекенжайы
Қонақүйге қажеттілік