Кітапхана туралы
ӘДЕБИ БӘЙГЕ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫҚ!














Жазушы, драмашы ҚАЛИХАН ЫСҚАҚТЫҢ 90 жылдығына орай Өскемен қаласы әкімінің қолдауымен өткізілген республикалық әдеби байқаудың марапаттау салтанатын өткіздік.
Алтайдың Абыз Жазушысының «ЖАРЫҚ ДҮНИЕ» атты шығармасының атауымен жарияланған бәйгеге Астана, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ұлытау, Алматы, Павлодар, Ақтөбе және басқа да аймақтардан 20-дан аса жас дарын қатысты.
Байрақты қаламгерлермен таныс болыңыздар.
ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ:
КҮКЕНОВ ЖЕҢІСБЕК, Алматы қаласы - «Орманда бар сыр түсінсең» әңгімесі үшін.
МАХМЕТ МҰРАТХАН, Алматы қаласы - «Өрттегі құпия» әңгімесі үшін.
БЕКНИЯЗ ЖАЙНАГҮЛ, Ақтөбе қаласы, «Түймедей бақ» әңгімесі үшін.
III ОРЫН
ОРАЗ АБАЙ, Ұлытау облысы, «Күшәла» әңгімесі үшін.
II ОРЫН
КАЙРДОЛДИНА ГУЛЬФАЙРА, Қатонқарағай ауданы, - «Ізгіліктің ұясы» әңгімесі үшін
I ОРЫН
МАҒАЗ РЕТБЕК, Алматы қаласы, «Ақ інген» әңгімесі үшін.
БАС ЖҮЛДЕ
МҰРАСЫЛ СЕРІКЖАН, Алматы облысы, Нарынқол - «Күреңшұнақ» әңгімесі үшін.
Өскемен қаласының әкімі АЛМАТ АҚЫШОВ және қазылар алқасының төрағасы - жазушы,Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО бөлімшесінің төрағасы ӘЛІБЕК ҚАҢТАРБАЕВ, алқа мүшелері -ақын, «Didar» ШҚО газетінің тілшісі СЕРІК ҚҰСАНБАЕВ, «Egemen Qazaqstan" газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі, ҚР Журналистер одағының облыстық бөлімшесінің төрағасы МЕРЕЙ ҚАЙНАР жүлдегерлерді Өскемен қаласы әкімінің «Дипломы» және Сертификатымен салтанатты түрде марапаттады.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕҢІМПАЗДАР!
Қаламдарыңыздың қанаты талмасын! Қазақтың дара Қалиханындай дана жазушы болып, сүбелі шығармалар жазуларыңызға тілектеспіз!
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов