Балалар жазушысы Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орай оқушыларға арналған облыстық әдеби шығармашылық байқау

Байқауға қатысу және орындау керек шығармашылық түрлері
- Байқауға 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
- Жазушы жерлесіміз Марат Қабанбайдың өмірі және әдеби мұрасы (шығармалары) бойынша қазақ және орыс тілінде орындалған келесі шығармашылық жұмыстар қабылданады: бейнероликтер, анимация, комикс, сөзжұмбақ (кроссворд), интерактивті онлайн-ойындар (learningapps.org; ly; wordwall.net, Actionbound), буктрейлер, иллюстрация. (қалаған біреуін, немесе бірнешеуін жасау).
- Байқауға ұсынған жұмысты #MaratKabanbay75baikau, #bokeykitaphanasy хештегімен әлеуметтік желілерге салу және кітапхана поштасына ukcbs@mail.ru жолдау.
- Біздің кітапхананың Instagram - @bokeykitaphanasy, тик-ток - ukcbs парақшаларына жазылу.
Шығармашылық жұмысқа жазу керек мәліметтер:
- Аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, мектебі, сыныбы, электрондық мекенжайы және телефон нөмірі;
- Орындаған жұмысына тақырып қою және жазушының қай шығармасы бойынша орындағанын көрсету;
Байқауға жұмыстарды қабылдау мерзімі:
- 2022 жылдың 22-қарашасында басталып, 2023 жылы 1-наурызда аяқталады. Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.
Жеңімпаздарды марапаттау:
- 2023 жылы, 15-наурызда Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында марапаттау салтанаты. (өзгеріс болған жағдайда алдын ала хабарлаймыз).
Байқаудың мақсаты:
- Марат Қабанбайдың шығармашылық мұрасын насихаттау және дәріптеу;
- Жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын ояту;
- Шығармашылық жұмыс арқылы ой-санасын, дарын қабілетін арттыру;
- Кітап пен техниканы үйлестіру арқылы заманауи технологияны меңгеру машықтандыру.
Біздің мекенжайымыз:
- ШҚО, Өскемен қаласы
- Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
- Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!
8(7232)25-17-70, +7 7778550705,
+7 7074949883 (whatsapp) - Жиенбекова Жанат.
Другие новости
24 марта 2023

ЗЫРЯН КІТАПХАНАШЫЛАРЫ – БІЗДІҢ КІТАП ОРДАМЫЗДА!
Бүгін Зырян ауданы мектептерінің кітапхана қызметкерлерін құшақ жая қарсы алдық….
18 марта 2023

Дәстүріміз дәріптелді
Халқымыздың салт-дәстүріне қайта оралғанына 35 жыл болған Ұлыстың Ұлы Күні…
15 марта 2023

«Еңбегі көптің – өнбегі көп»
ШҚО-да өз саласында жемісті жұмыс істеп жүрген нәзік жандар жайлы…
15 марта 2023

ЖЕҢІМПАЗ ЖАС ДОСТАРДЫ МАРАПАТТАДЫҚ!
Бүгін білімге құмар ұл-қыздарымызға қуаныш сыйлаған керемет күн болды. Жас…