Байқауды ұйымдастырушы - Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.
Байқауға қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары.
Байқау тақырыбының өзектілігі: Топонимика - халқымыздың бірегей тарихи мұрасы. Жер, өзен көл, тау-тас, орман, ауылдар мен көшелер, саябақтар мен алаңдардың тарихы әр замана кезеңдеріндегі ұрпақтың ұлттық құндылықтары. Бүгінгі таңда Тәуелсіз Елдің жас Ұрпағы ауылдар мен қалалардың, көшелердің жаңаша атауларына куә болуда. Ендігі кезекте, өткен мен бүгіннің өзгерістерін саралап, сабақтастыра білу бүгінгі жас буынның борышы.
Байқау мақсаты
- География, тарих және тіл білімін бір арнаға тоғыстыратын топонимика ғылымы арқылы жастарды туған өлкенің тарихи – мәдени және әдеби мұрасын білуге ынталандыру.
Байқау тапсырмалары
- Қатысушы өзі тұратын елдімекеннің (ауыл, қала) және көшелердің, алаңдардың, немесе ескерткіштердің пайда болу тарихын және атауының мағынасын зерттеу. Атауларға байланысты аңыз, әңгімелерді зерделеу;
- Өзі таңдаған тақырып туралы жазылған кітаптарды тауып оқып, деректер келтіру. Тақырып туралы білетін адамдардан сұрап, қызықты ақпараттар жинау;
- Зерттеу жұмысын видео-жазба, видео-сұхбат, буктрейлер, слайд-таныстыру (презентация), анимация, немесе видео-сюжет үлгісінде орындау;
- Шығармашылық жұмысты флешкамен кітапханаға әкеліп тапсыру. Немесе, «Танымдық топонимика» деген атауды жазып, ukcbs@mail.ru электрондық поштасына жолдау;
- Қатысушы өзінің аты-жөнін, тұратын мекенжайын, мектебін, сыныбын, телефон нөмірін жазу;
- Зерттеу кезінде пайдаланған ақпарат көздерінің (кітап, интернет, газет-журнал және т.б) тізімін толыққанды көрсетуі тиіс.
Жұмысты бағалау кезінде назар аударылады
- Зерттеу жұмысының жарияланған тақырыпқа сай болуы;
- Мәтіннің мағыналы, көркем, сауатты жазылуы және деректер келтірілуі;
- Зерттеу жұмысының тақырыбы автордың өзі тұратын елдімекенмен байланысты болуы;
Байқауға жұмыстарды қабылдау мерзімі:
2023 жылдың 7 ақпанынан 10 қазанға дейін қабылданады. Шығармашылық жұмыстарға «Қазылар алқасы» жан-жақты баға береді.
Жеңімпаздарды марапаттау
- «Республика күні» қарсаңында - 2023 жылы, 20 қазанда байқау жеңімпаздары диплом және сый-тартулармен марапатталады.
- Үздік жұмыстар кітапхана сайты және әлеуметтік желілерінде бұқара назарына ұсынылады.
Мекенжайымыз:
- Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
- Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Біздің сайт және әлеуметтік желілер:
ukcbs@mail.ru,www.bokeylibrary.kz. Facebook - «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»; Instagram - @ukcbs; ВКонтакте - Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана; youtube-канал - Оралхан Бөкей атындағы кітапхана bokeylibrary
Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыздар:
8(7232) 25-03-64, 25-17-70, +7 7778550705 – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы

2023 жылы, 26, 28 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ерекше тәжірибелік семинар өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от "О. Бөкей атындағы кітапхана (@bokeykitaphanasy)

«Мен очеркке жан бітірдім, бойына қан жүгірттім. Мал, малшы, өндіріс, жұмысшы» деп күбірлеп-сыбырлап

Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аясында кітапханамыз ұйымдастырған «НЕТКЕН ҒАЖАП ДҮНИЕ!»

16 сентября ко дню матери планируется проведение литературных чтений «От чистого сердца, простыми

9 сентября в предверии Дня семьи планируется проведение конкурса рисунков «Моя семья», где

В нашей библиотеке-филиале №5 каждую субботу в 15.00 проходят интересные занятия в клубе «Юный фантазер».

Тәуелсіз еліміздің егемендігін біліктілігімен ғана емес білімімен биіктететін ұрпақ болыңдар!

Байқау 2 сайыстан тұратын болады. Бірінші сайыста спорттық, ал екіншісінде классикалық киім жасау