Конференцияға шақыру

Орталық Қалалық

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

ТӨР АЛТАЙДЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН ТОҚТАР МАҒЗҰМОВ – 65 ЖАС!

Құрметті Достар!
10-наурызда, сағат 15:00-де жазушы, зерттеуші, ҚР Жазушылар одағының мүшесі ТОҚТАР МАҒЗҰМОВПЕН болатын «ТӨР АЛТАЙ ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН!» атты кездесуге шақырамыз!
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің туған жиені Тоқтар Нұржақыпұлы өлкеміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына зор үлес қосқан ЕЛ АЗАМАТЫ!
Сонымен бірге, қызмет қарбаласынан қолы қалт еткенде қолына қаламы мен қағазын алып, әдебиет пен тарихқа да үлесін қосудан шаршамаған ЖАЗУШЫ.
Атамекен тарихын жазғанда ақиқаттан аттамауды ар тұтқан ЗЕРТТЕУШІ.
Шүкір, мұрағаттарда отырып, көз майын тауысқан еңбегі ақталуда. «Райыстан Оралханға дейін», «Жазушы жолы», «Алтай өрнектері», «Қыз суреті», «Байберді асуы» сияқты сүбелі кітаптарының жемісін жұртшылық көруде.
Құрметті Ағайын!
Тоқтар Нұржақыпұлының О.Бөкей туралы толғанысты естеліктері мен Атамекен тарихы туралы тағлымды әңгімесінен рухани ризық алуға келіңіздер!

Біздің мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22