Конференцияға шақыру

Орталық Қалалық

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Дәстүріміз дәріптелді

Халқымыздың салт-дәстүріне  қайта оралғанына 35 жыл болған Ұлыстың Ұлы Күні саналатын Наурыз мейрамы биылғы жылы Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханасында ерекше аталып өтілуде.
Өткен жылдың қараша айынан бері Өскемен қаласы әкімдігі, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі мен кітапханамыздың «Кел, сөйлесейік!» қазақ тілін үйрету клубтарының жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда кітапханамыз бен қаланың әр шағын аудандарындағы бөлімшелерінде жүздеген өскемендік мемлекеттік тілді үйренуде.
Мереке қарсаңында  аталмыш тіл курстарына қатысушылар арасында «Әз Наурыз – бірлік  мейрамы!» қазақ ұлтының салт-дәстүрлерін көрсету байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға тіл үйренуші талапкерлерінен құрылған 4 топ қатысып, өздерінің қазақша сөйлесуді меңгеру деңгейлерін,   ұлтымыздың  салт-дәстүр білгірлектері бойынша  ынта – ықыласпен дайындаған  өнер – қойылымдарын паш етті.
Жарты жылға жуық мемлекеттік тілді үйреніп жүрген қалалықтар «Амал күні - Көрісу», «Бесік той», «Тұсаукесер»  рәсімдерін, «Аластау»  жоралғысын өз дәрежесінде қызықты да тағылымды етіп көрсете білді.
Қатысушылар  өздерінің өнер-дарынымен де, мемлекеттік тілде сөйлеу білімдерімен  жиналғандарды таңқалдырды. 
Байқау қорытындысы шығарылып, қатысушыларға марапаттар мен сыйлықтар берілді.
Сіздің де қазақ тілін меңгеру сабақтарына қатысып, осындай керемет шараларға атсалысқыңыз келсе, «Кел, сөйлесейік!» клубына жазылыңыз!