ЗЫРЯН КІТАПХАНАШЫЛАРЫ – БІЗДІҢ КІТАП ОРДАМЫЗДА!

Бүгін Зырян ауданы мектептерінің кітапхана қызметкерлерін құшақ жая қарсы алдық. «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асыру аясында «Кітапхана қызметінде – сандық үлгідегі технологияны пайдалану» тақырыбындағы іс-тәжірибе алмасу семинары әдеттегідей қызықты да пайдалы түрде өтті. Кітап ордамыздағы заманауи технологиялардың қыр-сырымен таныстырдық. Оқырмандарға қызмет көрсетуде және түрлі шараларды ерекше өткізуде сандық техника түрлерін қалай пайдалануды көрсеттік. Бұқараны кітапханаға көптеп тарту үшін түрлі жаңашыл жобалар жасау және жүзеге асыру жолдары туралы айтып бердік. Әрине, әріптестеріміз де ой-пікірлері мен ұсыныстарын бөлісті. ШҚО Білім басқармасының «ШЫҒЫС» өңірлік орталығымен бірлескен мұндай шараларымыз келешекте де жалғасады.