Бүгін жас көрермендер назарына «ТОМИРИС» тарихи көркем фильмін ұсындық. «Меновное орта мектебі», «Тәжірибе алаңы орта мектебі», «Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицей-интернаты», № 22 орта мектебі және № 27 орта мектебінен барлығы 200-ден аса оқушы үлкен экранда Ел Тарихымен танысты. Бағзыдағы Бабаларымыз – Сақтар Елін басқыншылардан құтқарып, парсы патшасының басын алған ТҰМАР ПАТШАЙЫМ туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев. Ұзақтығы екі сағатқа жуық тарихи киноны көруден ұл - қыздарымыз жалығып, шаршап кетеме деген күдігіміз болған еді. Бақылап едік, бекер алаңдаған екенбіз! Ықыласпен көргендерін байқап, риза болдық!
Кеше режиссер, сценарийші Рүстем Әбдірашовтың «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ. АЛТЫН ТАҚ» фильмін 100-ден аса жас көрермендеріміз дәл осылай тапжылмай отырып көріп еді.
Жас Ұрпақтың жүрегінде ұлттық рух бар екен! Батыр Бабалар тарихын білуге ынталы екен деп қуандық! Сонымен бірге, «ОТАН ТАРИХЫ – КІТАПТА!» атты тарихи еңбектер көрмесімен таныстыруды да жалғастырудамыз!
Ертең – 3 мамырда «ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛА» тарихи көркем фильмін көрсетеміз! Режиссері - Ақан Сатаев.
СІЗДЕР ҮШІН – БӘРІ ТЕГІН!
БАЛАЛАРЫҢЫЗБЕН КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР!
Көркем фильм арқылы жас ұрпақ санасына ұлтшыл рух сәулесін түсірейік!
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
ӨТІНІШТЕРІҢІЗ БОЛСА, ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР:
Тел: 8 747 432 2150 - Айгерім

ДОСТАР! БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! «Жасанды интеллекті» пайдалану арқылы жазушы Оралхан Бөкей

Бүгін «1-маусым балаларды қорғау» күніне орай және кітапханамыздағы жазғы бағдарламасының ашылуына

Оралхан Бөкей кітапханасындағы саяси репрессия жылдарында жазықсыз құрбан болғандарды еске алу

Бүгін кітапханамызға №27 орта мектептің 10 сынып оқушылары келіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына

Тәуелсіз еліміздің егемендігін біліктілігімен ғана емес білімімен биіктететін ұрпақ болыңдар!

Байқау 2 сайыстан тұратын болады. Бірінші сайыста спорттық, ал екіншісінде классикалық киім жасау

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздағы графикалық планшеттермен сурет салып үйренуге

Ерте салынған жуа тұқымының алғашқы тамырының шығуын бақылады.«Денсаулық қазынасы» таза

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от "О. Бөкей атындағы кітапхана (@bokeykitaphanasy)