«ЕЛІМІЗДІ ҚОРҒАУШЫЛАРҒА — КІТАПХАНА ҚОРЫ!

7 мамыр – «Отан Қорғаушылар күні» мерекесіне арналған кітапхана шарасы осылай аталды.
Бағдарлама барысында ҚР Ұлттық Гвардиясының 5518 әскери бөлімінің курсанттары «Отан тарихы – кітапта» және «Біздің Қаһармандар!» атты кітап көрмелерімен танысты.
«Қазақтардың әскери өнері» тақырыбындағы блиц-турнирға қатысып, білімдерін сарапқа салды.
Қазақстанның заманауи Армиясының әскери жабдықталуын 3D үлгісінде өздері жасап көрді. Әскери қызметте қашықтағы шынайылықты пайдалану мүмкіндіктеріне көз жеткізді.
Кәсіби білімдерін жаңашыл жаңалықтармен байыту үшін Әскери бірлестіктердің басшыларын Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға шақырамыз!