«ҚАЗАҚ ТАРИХИ КӨРКЕМ ФИЛЬМДЕРІ ЖӘНЕ КІТАПТАРЫ» атты апталығымыздың бүгінгі үшінші күнінде кітапханамыздың кинозалында режиссер Ақан Сатаевтың «ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛА» тарихи көркем фильмін ұсындық. Қаладағы «№ 45 бейімделген орта мектебі», «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» және «Меновное орта мектебінің» 100-ге жуық оқушылары киноны екі сеанс бойынша көрді. XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы қаһармандықпен күрескен ер Сартай бастаған батыр балалардың ерлігі ұл-қыздарымызға ерекше әсер еткенін киноны ықыласпен көріп отырғандарынан-ақ байқадық. Апталық аясындағы тағы бір басты шарамыз «ОТАН ТАРИХЫ – КІТАПТА!» атты көрмеміздегі тарихи кітаптармен де таныстырдық. Осылайша, жастарымыздың санасын серпілттік деп үміттенуге болатын сияқты...
Құрметті Достар, ертең – 5 МАМЫРДА кинозалымыздың үлкен экранында «ҚҰНАНБАЙ» тарихи көркем фильмін көрсетеміз. Кино режиссері және бас кейіпкер ҚҰНАНБАЙ ҚАЖЫ БАБАМЫЗДЫ сомдайтын жерлесіміз - дарынды әнші, актер ДОСҚАН ЖОЛЖАҚСЫНОВ.
Балаларыңызбен, ұжымдарыңызбен келіп көруге шақырамыз!
Хабарласыңыздар: 8 747 432 2150
Біздің мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

ДОСТАР! БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! «Жасанды интеллекті» пайдалану арқылы жазушы Оралхан Бөкей

Бүгін «1-маусым балаларды қорғау» күніне орай және кітапханамыздағы жазғы бағдарламасының ашылуына

Оралхан Бөкей кітапханасындағы саяси репрессия жылдарында жазықсыз құрбан болғандарды еске алу

Бүгін кітапханамызға №27 орта мектептің 10 сынып оқушылары келіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына

Тәуелсіз еліміздің егемендігін біліктілігімен ғана емес білімімен биіктететін ұрпақ болыңдар!

Байқау 2 сайыстан тұратын болады. Бірінші сайыста спорттық, ал екіншісінде классикалық киім жасау

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздағы графикалық планшеттермен сурет салып үйренуге

Ерте салынған жуа тұқымының алғашқы тамырының шығуын бақылады.«Денсаулық қазынасы» таза

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от "О. Бөкей атындағы кітапхана (@bokeykitaphanasy)