Кеше басталған конференцияның екінші күнінде жиналғандар кітапхана бөлімшелерімен танысып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Ең бірінші «Шығыс» ауылына барып, №12 кітапхана бөлімшесіндегі қандас балаларға сандық үлгідегі заманауи технология түрлерінің қалай үйретіліп жатқандығы таныстырылды. Одан соң қонақтарға № 2 кітапхана бөлімшесінде балалар мен жасөспірімдерге экологиялық тәлім-тәрбие беретін «Борис Щербаковтың жасыл үйі» орталығы паш етілді. Онда белгілі орнитолог Борис Щербаков сөз сөйлеп, Шығыстың Қызыл кітабы мен "Жас эколог" зертханасын көрсетті. Сапар соңында Орталық балалар кітапханасына барып, балалар мен жасөспірімдердің заманауи технологиялық сауаттылығын арттыру және еліміздің ғарыш саласын дамытуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған «Ғарышқа жол – кітапханадан басталады!» атты жобамыз көрсетілді. Барша қатысушыға Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сариннің қолы қойылған сертификат берілді. Содан кейін Абай, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының кітапхана мамандары конференция жұмысын қорытындылып, ұсыныс-тілектер айтты. Енді оның барлығы ҚР Мәдениет министріне Үндеу ретінде жолданбақ.











ДОСТАР! БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! «Жасанды интеллекті» пайдалану арқылы жазушы Оралхан Бөкей

Бүгін «1-маусым балаларды қорғау» күніне орай және кітапханамыздағы жазғы бағдарламасының ашылуына

Оралхан Бөкей кітапханасындағы саяси репрессия жылдарында жазықсыз құрбан болғандарды еске алу

Бүгін кітапханамызға №27 орта мектептің 10 сынып оқушылары келіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына

Тәуелсіз еліміздің егемендігін біліктілігімен ғана емес білімімен биіктететін ұрпақ болыңдар!

Байқау 2 сайыстан тұратын болады. Бірінші сайыста спорттық, ал екіншісінде классикалық киім жасау

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздағы графикалық планшеттермен сурет салып үйренуге

Ерте салынған жуа тұқымының алғашқы тамырының шығуын бақылады.«Денсаулық қазынасы» таза

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от "О. Бөкей атындағы кітапхана (@bokeykitaphanasy)