ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!НАЙМАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ соңғы ханы КҮШЛІК БАБАМЫЗ туралы тарихи тағлымды кітап шықты.

25 мамырда, сағат 11:00-де «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ ЖӘНЕ КҮШЛІК ХАН» атты жинақты таныстыру шарасына шақырамыз.
Кездесу модераторы - Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының үйлестірушісі;
Кіріспе сөз сөйлеуші - Қайрат Маратұлы Мусин, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының Президенті;
Жинақпен таныстырушы - Айбек Мұталапханұлы Каримов, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының тарих пен мәдениетті балама зерделеу жобасының жетекшісі.
Алқалы жиынның тарихи маңызы туралы айтатын - Тұрсынхан Зәкенұлы Қайыркен, тарих ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры.
Шараға облыстық «Ақсақалдар кеңесінің» мүшелері, тарихшылар, БАҚ өкілдері, депутаттар, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының белсенділер және т.б. қатысып, тақырып бойынша ой-пікір бөліседі.
Құрметті Ағайын!
Шыңғыс ханның жолына ширек ғасыр бөгет болған КҮШЛІК БАБАМЫЗДЫҢ тарихынан тағылым алуға шақырамыз!.
Біздің мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22