«IT БІЛГІРІ» КУРСЫН  БІТІРУШІЛЕРДІ  МАРАПАТТАДЫҚ!

Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана бөлімшесі Өскеменнің іргесіндегі «Шығыс» ауылында орналасқан. Осы елдімекенде жыл басында «KAZZINC» АҚ қолдауымен «IT БІЛГІРІ» жобасын жүзеге асыруды бастаған едік. Мақсаты: ауылдағы қандас ағайынның балаларына заманауи технологияны үйрету. Міне, жаңашыл жобамыздың алғашқы сәтті нәтижесіне де жеттік. «IT БІЛГІРІ» жобасы аясында «DIGITAL FASHION» және «ROBOTICS» курстарын жетістікпен аяқтаған дарынды жастарға арнайы сертификатымызды салтанатты түрде табыстадық. Олар: Амантайқызы Толғанай, Мұрат Диннура, Құмырхан Жайнар, Жәнібекұлы Қаратай, Бақытжанұлы Ердәулет, Әділұлы Алдияр. Бұл сертификат ұл-қыздарымыздың болашағына ақ жол бастайтынына сенеміз және тілектеспіз!
Құрметті Жастар, заманауи технологияны үйренуге бізге келіңіздер!
Біздің мекенжайымыз:  «Шығыс» ауылы, Садовая көш.,15
О.Бөкей атындағы №12 кітапхана бөлімшесі