ӘЛЕМДЕ ӨРІС АЛҒАН ӨНЕР

ДОСТАР! БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Жасанды интеллекті» пайдалану арқылы жазушы Оралхан Бөкей шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесі, туған жер көрінісі, оқиғалар желісі бойынша арт-иллюстрациялар, бейнелеулер және анимациялық видеолар жасауға арналған республикалық шығармашылық байқау жариялаймыз!

Қатысушы «жасанды интеллекті» пайдалану арқылы өзі өңдеген бір, немесе екі бейнелеу жұмысын, немесе бір анимациялық видео ұсынуға болады.

Байқауға жастар, студенттер, оқушылар және басқа да барлық жастағы адамдар қатыса алады.

ЕРЕЖЕМЕН танысыңыздар:
Шығармашылық сәттілік тілейміз!
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар +7 708 146 9793

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «жасанды интеллекті» пайдалану арқылы жазушы шығармалары бойынша арт- иллюстрациялар, бейнелеулер және анимациялық видеолар жасау бойынша «ӘЛЕМДЕ ӨРІС АЛҒАН ӨНЕР» атты республикалық шығармашылық байқау өткізу туралы ЕРЕЖЕ.

Байқаудың мақсаты және міндеті:

  • Оралхан Бөкейдің әдеби мұрасын насихаттау және дәріптеу;
  • IT заманауи технологияны үйренуге және шығармашылық дарынды дамытуға ықпал ету.

Қатысушылар: Жастар, студенттер, оқушылар және басқа да барлық жастағы адамдар қатысуларына болады.

Тақырыбы: Жазушы Оралхан Бөкей шығармалары бойынша (кейіпкерлер бейнесі, туған жер табиғаты, оқиғалар желісі) «жасанды интеллекті» пайдалану арқылы арт-иллюстрациялар, бейнелеулер және анимациялық видеолар жасау байқауы.

Байқау мерзімі: 01.06.2023 жылдан 01.09.2023 жылға дейін.

Талаптары:

  • Әр қатысушы «жасанды интеллекті» пайдалану арқылы өзі өңдеген бір, немесе екі бейнелеу жұмысын, немесе 1 анимациялық видео ұсынуына болады.
  • «Жасанды интеллекті» пайдалану арқылы бейнелеуді, арт-иллюстрацияны, немесе видеоны қалай өңдегені туралы сипаттама ұсынуы қажет. Сипаттамада қандай «жасанды интеллект», алгоритм қолданғанын және олардың қорытынды нәтижеге қалай ықпал еткенін баяндауы тиіс.
  • Қатысушы Оралхан Бөкей шығармалары бойынша өзі жасаған шығармашылық жұмыстарды әлеуметтік желілердегі өз аккаунтында #neuronetBOKEY хештегімен қояды. Немесе, bokeylibrary.kz. сайтындағы үлгіні толтыруы керек.
  • Байқау жас мөлшері бойынша екі деңгейде өткізіледі:
  • 10 жастан 16 жасқа дейін.
  • 16 жастан 23 жасқа дейін.

Бағалау шарттары:

«Жасанды интеллекті» шығармашылық жұмыста жаңашылдықпен қолдана білу шеберлігі;

  • Шығармашылық жұмыстың тақырыпқа сай болуы;
  • Жұмыстың сапалық және эстетикалық құндылығы;
  • Бейнелеуді, видеоны, немесе арт-иллюстрацияны өңдеу әдістері туралы сипаттама: мақсатты нәтижеге жетудегі нейрожелінің көмегі туралы нақты түсіндіре алуы.

Байқауға қатысу тегін. Әр қатысушы 2 шығармашылық жұмысқа дейін ғана ұсынуына болады. 2023 жылдың 28 тамызында байқау жеңімпаздары анықталады және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар: +7 708 146 9793