«Тіл шебері» қалалық байқауын  өткізу туралы

 

 Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың

2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында

 Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай

үш тілді меңгерген жастар арасында

«Тіл шебері» қалалық байқауын  өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

Байқауды ұйымдастырушылар:

1. «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;

2.Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.

Мақсаты:

  1. Жастарды  қазақ тілінде көркем сөйлеуге ынталандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру;
  2. Отанды қалтқысыз сүюге, ел тарихы мен құндылықтарын қадірлеуге, бағалауға баулу;
  3.  Қазақ, орыс  және  ағылшын тілдерін жетік меңгерген тіл білгірлерін  анықтау, қолдау және ынталандыру.

Байқау өтетін мекенжай:

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Өтетін күні, сағаты:

2023 жыл, 5-қыркүйек, сағат 11:00

Қатысушылардың жас мөлшері:

Байқауға үш тілді жетік меңгерген 15-25 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.

Талапкерлер келесі тақырыптар бойынша үш тілде бақ сынайды:

1-кезең: «ЕЛТАНЫМ» - қазақ тілінде

 Оралхан Бөкей шығармалары бойынша сұрақтарға жауап беру;

2-кезең. «ӨНЕРТАНЫМ» - ағылшын тілінде

 Өнер көрсету. Өз қалауы бойынша ән айту, өлең оқу, немесе Оралхан Бөкейдің кез келген шығармасынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқу;

3-кезең. «СӨЗТАНЫМ» - орыс тілінде

Еліміздің танымал тұлғалары, қазақ әдебиеті, салт-дәстүрі, туған жер тарихы және табиғаты  бойынша ұсынылған фотосуреттер аясындағы сұрақтарға жауап беру. 

Қосымша: Тақырыптарға орай  «Қазылар алқасы» тарапынан сұрақтар қойылуы мүмкін.

Байқауға қатысу үшін мына сілтемеге кіріп,   https://bokeylibrary.kz/kz/serv-2/til-bilgiri.html  өтінішті  толтырыңыздар да, бізге жіберіңіздер.

Жұмыстарды бағалау тәртібі

Қазақ, орыс және ағылшын  тілі бойынша білікті  мамандардан құралған «Қазылар алқасы» байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

Бағалау барысында баса мән беріледі:

  1. Мемлекеттік тілде көркем сөйлеу деңгейіне басымдық беріледі.
  2. Оралхан Бөкей шығармашылығы туралы білімі;
  3. Үш тілде сөйлеу сауаттылығы;
  4. Өлеңді және үзіндіні мәнерлеп оқу шеберлігі;
  5. Ел алдында өзін ұстай білу, сөйлеу және киіну мәдениеті.

Марапаттау

Байқау жүлдегерлері Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы дипломы, алғыс хаты және сыйлықтарымен марапатталады.

Байқау қорытындысы туралы Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхананың әлеуметтік желілерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталады.

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар:

8 (7232) 577 998  -  Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

8-7778550705 – Жанат Мауытқызы, Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.