ОРАЛХАН ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПӘЛСАПА

Құрметті Достар!

Биыл қазақ әдебиетінің асқақ Алтайы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы. Осынау  мерейтойға  орай көптеген іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Соның бірі, 1-қыркүйектен бастап жазушының туған күні 28-қыркүйекке дейін «ОРАЛХАН БӨКЕЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПӘЛСАПА» атты айдарымызды бастаймыз. Сіздер де оқыған шығармаларыңыздағы бүгінгі ұрпаққа маңызды пайымдарды бізбен бірге ел назарына ұсынсаңыздар, жазушы рухы риза болар еді. 

Оқи бер! Оқысаң жетесің! Мен сендерді ғылым мен техниканың – қазіргі өмір өзегінің қиян-қиясынан көргім келеді!

Оралхан Бөкей

«Мен сені көп іздедім» шығармасынан»