Оралхан Бөкей кітапханасында«Жалпықазақтың ашық диктант» шарасы өткізілді

Кітапханаға келуші оқырмандар мен қонақтар «Ана тілі туралы» тақырыбына диктант жазды.
Еліміздегі Тілдер мерекесі күніне орай ұйымдастырылған бұл іске әсіресе жастар асқан қызығушылық танып, тапсырманы ынталарымен орындады.
Айта кетелік, кітапхана қызметкерлері «Кел, сөйлесейік» қазақ тіліне үйрету курстарын қаламыздың тұрғындарына белсене жүргізуде. Тілімізді үйренушілер қатары жүздеп саналады.
Тіл үйреніп, оқуға қызығушылық танытқандар орталық кітапхана мен бөлімшелеріне келіп сабаққа жазылуға болады.