АУЫЛ КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті Әріптестер!

2023 жылдың 10 қазанында, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін «Кітапхана - сандық үлгідегі технология сауаттылығы мектебі» тақырыбында Сіздер үшін облыстық іс-тәжірибелік семинар өткіземіз. Заманауи технология арқылы жасалған көрнекі құралдармен баланы кітап оқуға қалай тартуға болады? Пәндік сабақтарда сандық үлгідегі жұмыс түрлерін және «жасанды интеллектіні» қалай пайдалануға болады? Кітапханашылардың заманауи технология түрлерін меңгеруінің тиімділігі қандай? Міне, осы сауалдар бағытында кітапханамызда жүзеге асырылған жаңашыл жобаларымызды көрсетеміз, үйретеміз және іс-жүзінде бірге жасап көреміз! Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы аясында өткізетін бұл шарамыздың екінші бөлімінде жазушы шығармашылығы бойынша өзіміз жасаған қызықты танымдық көрнекіліктерімізді таныстырамыз.

Құрметті Әріптестер, балаларымыздың болашағы үшін ынтымақтаса қызмет етейік!

Біздің мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!

87052534591, 87472138331 - Қызмет көрсету бөлімі

Новости филиалов