Кітапхана туралы
Құрметті Отандастар!
Бүгін Тәуелсіздік үшін күрескен Батырларымызды еске алу күні. Азаттық үшін аттан түспей ажалға басын тіккен Ата-Бабамызға және сол арманға жеткізген Желтоқсан көтерілісінің Қаһармандарына бас иіп, тағзым етеміз!
Ұланғайыр жеріміздің әр қарыс қадамында Бостандық үшін басын тіккен Батырлардың қаны мен жаны, дүбірлеп өткен тұлпарларының ізі қалған.
Сондықтан, Тәуелсіздігіміздің басты тірегі - Абыз Даламызды, қасиетті Тіліміз бен Ділімізді көздің қарашығындай сақтау —ұрпақтың ұлы парызы.
Дүние дүбірге толы бүгінгі кезеңде Тәуелсіздігімізді сақтау үшін ұлттық рухы мен намысы жалындаған ұлтшыл жастарымызды тәрбиелеуге бар күшімізді салуға міндеттіміз. "Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін - оқу керек. Бай болуға - кәсіп керек. Ал күшті болуға - бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!"
Осылай деген Алаш қайраткері, Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аманатына адал болайық!
Қазақтың көк Байрағы бейбіт Елімізде асқақ желбіреп, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Ақжігітова Хабиба Мырзаханқызы,
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана директоры, "Құрмет" орденінің иегері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов