Кітапхана туралы
«ӨЗГЕРГЕН ӨСКЕМЕН» AR ФОТО-КӨРМЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
2024 жылы, 5-қаңтарда, сағат 11:00-де «Өзгерген Өскемен» AR фото-көрменің ашылу салтанатына шақырамыз!
Шығыстың орталық шаһарының кешегі және бүгінгі кезеңінде ел тарихы тұнып тұр.
Оқиғалар мен деректерді зерделеу арқылы Өскеменнің өткен өмірі туралы білу Сізге де қызық болары күмәнсіз.
Үнсіз сыр шертетін сарғайған фотосуреттерге зер салыңызшы...
Сол кезеңде жүргендей күй кешеріңіз анық!
Келіңіз, ежелгі «Кеңгір Тұра – Өскеменге» бірге саяхат жасайық!
«ӨЗГЕРГЕН ӨСКЕМЕН» атты AR көрмеміздегі көне қаланың үлкейтілген фото-көріністеріне «MAGICAL PICTURE» мобильді қосымшасын жақындатсаңыз, «жанданып» шыға келеді.
Осылайша, ежелгі ғимараттардың бүгінгі заманауи көрінісін де бір мезетте көре аласыз!
Бұларды QR-код арқылы жүктеп алуға да болады.
Шаһарымыздың әр көшесіне һәм ғимаратына байланысты әдеби әлеммен танысу мүмкіндігін де ұсындық!
Кітапханамыздың мамандары сандық технология арқылы жасаған байырғы және бүгінгі Өскеменді тамашалап, таң қалуға келіңіз!
Хабарласыңыздар: 8-747 212 83 31
8 -7232 25 17 70
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов