«БОЛАШАҚ СӘТБАЕВТАР»  «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ  ИГІЛІГІН ИГЕР!»
қалалық  байқауын өткізу барысы туралы

Жасанды интеллект (ЖИ) – ауқымды деректерді өңдеп, олардың дұрыстылығын табатын және соның негізінде сұрақтарға жауап беретін, немесе өз шығармашылығын жасайтын компьютерлік бағдарламалар.

ЖИ – жаһан жұртының өміріне жедел қарқында ену үрдісіндегі технология жаңашылдығы. Талаптана білген адам жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік мол. Бұл байқау Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті, ғалым Қаныш Сәтбаевтың биылғы 125 жылдық мерейтойына арналады.

Қатысушылар: 12 -18 жас аралығындағы мектеп оқушылары.

Байқаудың мақсаты    

–  Түрлі пәндерді оқытуда  жеке көмекшілер бола алатын заманауи  IT өнімдерді жасауға деген оқушылардың  қызығушылықтарын арттыру.  

– Жасанды  интеллект саласындағы IT өнімдерді құруға бағытталған жаңашыл ұсыныстар мен бастамаларды қолдау.                                                      

Өткізу талаптары

–  Оқушыларға білім алуда, немесе ЖИ пайдалануда қандай да бір қиындық туындаған кезде көмек көрсететін компьютерлік, мобильдік немесе басқа да қосымшалар түрінде қатысушы өз авторлық IT-өнімін жасау;     

   –  Авторлық жұмыстарды жасау кезінде машиналық оқыту, тереңдете оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және тағы да басқа әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады;

–   Шығармашылық жұмыстарды  жазбаша, немесе бейне (видео) түрінде ukcbs70@gmail.com. жолдау  керек.

Өтініштер мен жұмыстарды қабылдау

– Жұмыстарды қабылдау 2024 жылдың 15 қаңтарында басталып,  7 сәуірде аяқталады.

 – Өтініште  қатысушының аты-жөні, жұмысының тақырыбы, туған жылы/күні, мектебінің атауы, сыныбы және телефон нөмірі жазылуы тиіс.

– Қатысушыға қандай да бір бағыт-бағдар,  ақыл-кеңес керек болса кітапхананың IT-мамандары көмектеседі. Төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

Жұмыстарды бағалау

    –  IT мамандардан құрылған Қазылар алқасы байқауға ұсынылған жұмыстарды екі топта     12-14 және 15-18  жас аралығы бойынша бағалайды.

Марапаттау

2024 жылы, 12 сәуірде – Қаныш Сәтбаевтың туған күні - «ҚР Ғылым қызметкерлері күні» марапаттау салтанаты өткізіледі.

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар:

 8(7232) 25-17-70;

 +7 747 212 83 31;

 ukcbs@mail.ru

Біздің мекенжайымыз

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22 

Новости филиалов