АКЦИЯНЫ БІЗБЕН БАСТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

2024 жылы, 5 ақпанда, сағат 11:00-де Оралхан Бөкей атындағы кітапханамызға «Бір Ел – Бір Кітап» акциясының ашылуына келіңіздер!
Рухани мерекеде ұсынатын қызықтарымыз көп.
БАҒДАРЛАМАДА:
🔊Бердібек Соқпақбаевтың кітап көрмесі;
🔊«Караокеде» дауыстап кітап оқу;
🔊Жазушы шығармаларынан геймификация ойыны;
🔊«Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бестас» ойындары;
🔊«Менің атым Қожа» және басқа да көркем фильмдер - кітапхана кинозалының үлкен экранында көресіздер;
🔊AI, VR саяхаттар жасау және т.б. тамашаларымыз көп.
Өмірінде өтірік жазбауды өзіне басты мақсат еткен жазушы Бердібек Соқпақбаевтың биыл 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Атаулы жылдағы «Бір Ел-Бір Кітап» акциясында халық болып оқуға дара тұлғаның әдеби мұрасы ұсынылғанын өздеріңіз де білесіздер.
Ендеше, құрметті Достар, сіздерді кітап оқу акциясының ашылу салтанатында күтеміз!
Біздің мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Хабарлассаңыздар, бек қуанамыз:
8(7232) 25-17-70;
+7 747 212 83 31

Новости филиалов