«Бір Ел – бір Кітап» акциясын балалармен бастадық!

«Бір Ел – бір Кітап» акциясын балалармен бастадық!
2007 жылдан бастап елімізде өткізіліп келе жатқан «Бір Ел – бір Кітап» республикалық акциясын бүгін мектеп оқушыларымен бірге бастадық. Биыл акция аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары таңдалғаны мәлім. Кітап ордамызға келген мектеп оқушыларына «Шындықты шығармаларына шырақ кеткен» атты кітап көрмемізбен таныстырып, жазушының өмірбаяны мен әдеби мұрасы туралы айтып бердік. Осыдан кейін балалар кітапханамыздың үлкен экранды кинозалында «Менің атым Қожа» көркем фильмін тамашалап, бірге талқылады. Фильмде орындалған «Туған Елім» және «Сарыжайлау» әндерін караокеде әуелете шырқады. Фильм туралы геймификация сұрақтарына да ықыласпен жауап берді.
Құрметті Достар!
100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың әдеби мұрасын бізбен бірге оқуға шақырамыз!

Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Хабарласыңыздар: 8-747 212 83 31; 8 -7232 25 17 70

Новости филиалов