«СӨЙЛЕЙТІН СУРЕТТЕР»

Кітапханамызда "СӨЙЛЕЙТІН СУРЕТТЕР" АI-AR көрмесінің ашылу рәсімі болды. Онда ҚР Суретшілер одағының мүшесі, дарынды жерлесіміз БОЛАТ ИСИННІҢ және Қазақ КСР еңбек сіңірген суретшісі БАҚЫ УРМАНЧЕНІҢ жазушы ОРАЛХАН БӨКЕЙ шығармалары бойынша салған көркемөнер туындылары ұсынылған. Бұл ерекше көрме. Себебі онда QR сканерлеп, қосымшаны жүктеп аласыз, одан кейін "жан біткен" суреттер сөйлей жөнеледі. Бұл әрбір сурет туралы ақпарат алуға, жазушы шығармаларынан үзінді тыңдауға мүмкіндік сыйлайды. Ашылу рәсімі ары қарай Оралхан Бөкейдің жиені Тоқтарбек Мағзұмовпен кездесуге жалғасты.
Құрметті оқырман, баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамыз! Есігіміз әрдайым ашық!

Новости филиалов