АНТЫНА АДАЛ БОЛҒАН БАТЫРЛАРДЫ ДӘРІПТЕДІК!
Осыдан 35 жыл бұрын, 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылды.
Бұл соғысқа елімізден 22 мыңнан аса адам қатысып, бір мыңға жуығы шейіт болды. Соның ішінде 41 боздақ біздің жерлесіміз еді. Антына адал болған батырларды Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге еске алып, дәріптедік. Бейбіт заманымыздың батырлары - өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ауған соғысы туралы деректі фильмдер көріп, сол кездегі өрімдей ержүрек жастардың ерлігіне тағзым етті. «Ауғанстандағы отты жылдар» атты кітап көрмесімен және шығысқазақтандық Ауған жауынгерлері туралы ақпараттармен танысты. Осыдан кейін кітап ордамызға саяхат жасап, заманауи жобаларға куә болды.
Другие новости
17 сәуір 2025

Ульба орталығы кітапханада
Бүгін кітапханамызға Үлбі орталығынан құрметті қонақтар келіп, рухани мекеніміздің тыныс-тіршілігімен...
17 сәуір 2025

Кинозал толған көрермен!
Бүгін кітапханамыздың кино залында қызықты фильмдер желісі болды. Қонаққа №8 мектеп-интернаттың...
17 сәуір 2025

АЙЗАТТЫҢ РУХАНИ ҚУАНЫШЫН БӨЛІСТІК
Күршімнің Жиделі ауылында өмірге келіп, бүгінгі таңда Алматыда аймағымыздың абыройын асырып...
Новости филиалов