Кітапхана туралы
«БАТЫРЛАР – ҰРПАҚ ЕСІНДЕ!»
«БАТЫРЛАР – ҰРПАҚ ЕСІНДЕ!» 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған
еске алу және дәріптеу облыстық Акциясын өткізу барысы туралы
ЕРЕЖЕ
Ұйымдастырушы: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Акцияның мақсаты: 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан және Тылда еңбек еткен Батырларды еске алып, дәріптеу.
Акцияға қатысу үшін не істеу керек:
- Соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен Аталарыңыз бен Апаларыңыздың, туған – туысқандарыңыздың жәдігерлерін фотоға түсіріп, немесе сканерлеп бізге жолдаңыздар. Кітапханаға алып келулеріңізге де болады.
- Фотосуреттері;
- Орден-медальдары;
- Майданнан жолдаған хаттары;
- Пайдаланған жеке бұйымдары;
- Олар туралы кітаптар пен газет-журналдарға шыққан мақалалар, әңгімелер, естеліктер;
- Олар туралы айтқан өздеріңіздің естеліктеріңіз және т.б.
Жәдігерлер мен өз естеліктеріңізді 1 наурыздан – 22 сәуірге дейін электрондық поштамызға жіберіңіздер: ukcbs70@gmail.com.
Ұмытпай жазу керек:
- Майдангерлердің аты – жөндері, мекенжайлары, туған/қайтыс болған жылдары;
- Өздеріңіздің аты-жөндеріңіз мекенжайларыңыз және телефондарыңызды міндетті түрде жазуды ұмытпаңыздар.
- Сіздердің жіберген құнды жәдігерлеріңіз бойынша 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Батырлар – Ұрпақ есінде!» атты көп бөлімді көрме ұйымдастырамыз.
- Фотолармен бірге сіздердің айтқан естеліктеріңізді QR-код үлгісінде бұқара назарына ұсынамыз.
Бұл көрмеге қатысуға өздеріңізді де шақырамыз!
Аталарыңыз бен Апаларыңыздың үлкейтілген фотосының жанында тұрып, естеліктеріңізді айтасыздар.
Шараны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы ел назарына ұсынамыз
Осылайша, батыр жандарыңызды дәріптеп, тағзым етесіздер!
Жасалған көрме кітапхана мұрағатында сақталады.
Сондай-ақ, әр жыл сайын көпшілік назарына ұсынылатын болады.
Батырлар алдындағы ұрпақтық парыздарыңызды өтеуге асығыңыздар!
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов