Кітапхана туралы
#bokeylibraryweekend
«Ұлттық санаңды серпілт!» дәстүрлі сенбілігін өткіздік. Өткен аптада алғашқы сенбілік ұлттық ойындарға арналған еді. Бүгінгі екінші рухани сенбіліктің тақырыбы – халық ән-күйлері болады. Балалар мен олардың ата-аналары әуелетіп ән шырқап, көңіл-күйлерін көтерді. Сахнадан тайсалмай, көптің ортасына шыққандарға тәтті сыйлықтар берілді. Ұлан ауданы балалар музыка мектебінен келген өнерпаздар түрлі аспаптарда ойнап, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Содан кейін балаларға бірнеше кітап таныстырылып, геймификациялық ойын ойнатылды. Ерекше демалып, рухани серпіліп қалған қонақтарымыз ризашылықтарын білдірді.
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов