Оралхан Бөкей атындағы  драматургия  байқауын жариялаймыз!

Жазушы, журналист, драматург Оралхан Бөкей атындағы республикалық ІІІ-байқауға қатысуға шақырамыз!

ЕРЕЖЕ

БАЙҚАУ ЖАНРЫ - ДРАМАТУРГИЯ

Қазақ драматургиясы қазір өсіп-өркендеуде. Драматургияға үркердей үйірілген бір топ жастар келіп қосылды.
Олар бұған дейінгі қазақ драматургиясының тарихымен, негізімен байып, сол драматургияның тізгінін алып, ары қарай дамытулары керек.
Драматургияның қазақ сахнасында ғана емес, бүкіл әлемде өз өмірін табуы үлкен мәселе.
Оралхан Бөкей

Байқауға қатысушылардың жас мөлшері
Еліміздің барлық аймағынан 18 – 45 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Мамандыққа шек қойылмайды.

Шығарма жанры:
- Драматургия
- Байқауда ерекше көзге түскен авторлардың шығармалары келешекте ШҚО драма театрында қойылады.

О.Бөкей драматургиясын оқып шыққаныңыз абзал:
«Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Жау тылындағы бала», «Жанар», «Атау кере», «Желтоқсан желі», «Бармысың, махаббат?», «Мен сізден қорқамын», «Жұмбақ шал».

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың https://bokeylibrary.kz сайтында және https://bokey.kz/ электрондық кітапханасында Оралхан Бөкей шығармашылығымен толыққанды танысуды ұсынамыз.

Қойылатын талаптар

  1. Мемлекеттік тілде жазылуы; Әріп өлшемі – 14 кегль, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында;
  2. Жиырма (20) беттен аспауы. Бұрын ешқайда жарияланбаған болуы;
  3. Көркем тілде сауатты жазылып, ұлттық рухтағы тәрбиелік маңызы болуы тиіс;
  4. Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін, ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын т.б. теріс пиғылдағы шығармалар байқауға қабылданбайды;
    7.Автор аты-жөнін, жұмысын, немесе оқу орынын, тұрғылықты мекенжайын, телефонын, электрондық поштасын нақты көрсетуі тиіс.
  5. Әр автордан тек бір жұмыс қана қабылданады.

Өткізу мерзімі
- 2024-жылдың 6-наурыздан 1-қыркүйекке дейін шығармашылық жұмысты ukcbs@mail.kz электрондық пошта мекенжайына жолдау керек.
- Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға әкеліп тапсыруға да болады. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
- Байқау тақырыбына, талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар байқауға қабылданбайды;
- Кәсіби мамандардан құрылған «Қазылар алқасы» жұмыстарды жан - жақты бағалайды.

Жүлделер
• БАС ЖҮЛДЕ – Оралхан Бөкейдің бейнесі бедерленген естелік ескерткіш және Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, қаржылай сыйлық Сертификаты;
• 1, 2, 3 орын – Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, қаржылай сыйлық Сертификаты;
• Ынталандыру сыйлығы (3) - Өскемен қаласы әкімінің Дипломы және қаржылай сыйлық Сертификаты

Жеңімпаздарды марапаттау
2024 жылы, 27 қыркүйекте – Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада жеңімпаздарды марапаттау.
28 қыркүйек – жазушының өмірге келген күні туған жері Шыңғыстайға сапарлап, қара шаңырағына һәм мектебіне тағзым ету, көзкөрген жерлес-замандастарымен жүздесу.

Автордың келісімі
Ұсынылған шығармаға авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік беруге;
Шығармашылық жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда немесе әлеуметтік желілерде жариялауға;
Ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптар қоймауға келісім береді.

Қолдарыңызға қалам алмас бұрын Отан алдындағы абыройды, борышты сезінбейінше шығармашылық деген үлкен сарайдың есігінен кіруге қақыңыз жоқ.
Ең әуелі айтарым, қазіргі жастардың бойынан жан-жақты білімділікті, іші-сырты бірдей әдемілікті, өз Ұлты үшін күресе білетін үлкен күрескерлік рухты тілер едім. Соны күтер едім…
Оралхан Бөкей

Ұйымдастырушылар
 Өскемен қаласының әкімдігі
 Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО бөлімшесі
 «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
 Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана

Мекенжайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыздар:
+7 7778550705, +7 7074949883 (whatsapp) – Жанат Жиенбекова
8-747 212 83 31
8 -7232 25 17 70

Новости филиалов