ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, СІЗДЕР ҮШІН!

Ұстаздар қауымы үшін пайдалы жаңалық!
Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың білікті қызметкері, тарихшы Руслан Бабировтың «МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАРИХ САБАҒЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ» атты танымдық мақаласы «ТАҒЫЛЫМ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарық көрді.
Мақалада автор бүгінгі өзекті мәселелердің бірі заманауи технологияны тарих сабағында қалай тиімді және қызықты пайдалануға болатындығы туралы жан-жақты айтып береді. Сандық технология арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырудың жолдарына тоқталады.
Тарих сабағында оңтайлы пайдалануға болатын Google Карта, QR-код, Мультстудиямен қалай жұмыс істеудің қыр-сырын зерделейді.
Құрметті Ұстаздар! Заманауи технология арқылы тарих, немесе басқа да пәндерге деген шәкірттердің қызығушылығын, ынта-ықыласын арттырғыларыңыз келе ме?
Ендеше, "ТАҒЫЛЫМ" журналындағы РУСЛАН БАБИРОВТЫҢ тағлымды – танымдық мақаласын Оралхан Бөкей кітапханасының оқуды ұсынамыз!

Новости филиалов