Көктемгі демалыс кітапханада!

Құрметті Балалар және Ата-Аналар!
23 - 31 наурыз аралығындағы көктемгі демалыс күндерін бізбен бірге өткізуге шақырамыз!
Бағдарламамен танысып, кітапханаға келіңіздер!

23 наурыз, сағат 11:00
«КӨРКЕМ КӨКТЕМ» / «МАГИЯ ВЕСНЫ!» экспозициялық кітап көрмесі.

  1. наурыз, сағат 12:00
    Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай кітапхана кино-залында «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» көркем фильмі.

25 наурыз, сағат 11:00
«СҮЙІКТІ КЕЙІПКЕРІҢДІ БЕЙНЕЛЕ!» - шеберлік сыныбы. Комикс кейіпкерлерінің суретін салуды үйрету.

26 наурыз, сағат 11:00
«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – МЕНІҢ СПОРТЫМ!» фестивалі.

27 наурыз, сағат 11:00
«ҒАЛЫМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!». «Минералдар әлемі» ғылыми зерттеулер квесті.

28 наурыз, сағат 14:00
«КӨКТЕМ - КІТАБЫҢНЫҢ МҰҚАБАСЫН ЖАСА!». «Изюминка» үйірмесінің шеберлік сыныбы.

29 наурыз, сағат 11:00
«КӨКТЕМ - КІТАПТАР ӘЛЕМІ». Кітаптарда суреттелген көктем көріністері бойынша кітапхана мультстудиясында иллюстрациялар жасау. Суреттерді AnimaShoote бағдарламасы арқылы жандандыруды үйрету.

30 наурыз, сағат 12:00
«IQ – ҰЛТТЫҚ САНАҢДЫ СЕРПІЛТ!» - Қазақ Ертегілері сенбісі.

31 наурыз, сағат 12:00
Кітапхана кино-залында «ХАНШАЙЫМНЫҢ СҮЙКІМДІ ИТІ» - «КОРОЛЕВСКИЙ КОРГИ» анимациялық фильмін көру.

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар: 8-747 212 83 31
8 -7232 25 17 70
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов