Жасөспірімдер мен Балалар кітаптары апталығында өтетін шараларға шақырамыз!

Құрметті БАЛАЛАР және АТА-АНАЛАР!
Жасөспірімдер мен Балалар кітаптары апталығында өтетін шараларға шақырамыз!
БАҒДАРЛАМАМЕН ТАНЫСЫП, ҚАТЫСУҒА КЕЛІҢІЗДЕР!

2 СӘУІР
«Арман» балабақшасының дайындық тобындағы балдырғандары үшін.
- «Үйректің ұсқынсыз балапаны» атты ертекті балақайлармен бірге дауыстап оқимыз. Мультфильмдер көреміз және ертегі туралы сұқбат құрамыз.

3-4 сынып оқушылары үшін
- «Мен – Аниматормын!» атты шеберлік сыныбын өткіземіз.
Кітапханамыздың мультстудиясында жазушы Г.Х.Андерсеннің «Үйректің ұсқынсыз балапаны» ертегісінің желісімен анимациялық фильм түсіруді үйретеміз.

3 СӘУІР
Барлық жастағы балалар үшін – квест:
- «Минералды тауып, айтып бер!»
3D принтер арқылы жасалған минералдар туралы қызықты әңгіме өткіземіз.
- «Қаныш Сәтбаев» атты деректі фильм көрсетеміз.
Шара ғалым Қ.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай өткізіледі.

4 СӘУІР
Кітапхана кино - залында
- «Менің атым Қожа» көркем фильмін қазақ және орыс тілінде көрсетеміз.
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналады.

5 СӘУІР.
- "Балалар әдебиеті – интерактивте» - мұражай тарихы
- "Тұңғыш Әліппе» - қазақ әліппесінің тарихы
- «Тұңғыш Ұстаз» - Ыбырай Алтынсаринның өмірбаяны
- "Менің Журналдарым мен Газеттерім!» - балаларға арналған мерзімдік басылымдар тарихы

6 СӘУІР
«ДинозавроВ» клубының – жетекшісі Ильшат Сқақов.
- Динозаврлардың түрлі үлгіде жасалған бейнелерін көрсетеміз.

9 СӘУІР
«Комикс шынайылығы» клубы – жетекшісі Руслан Бабиров.
- «Комикс жанрының тарихы». 3D принтерде жасалған комикс кейіпкерлерімен және қызықты бетперделермен таныстырамыз.
- «Сенің сүйікті Анимең және Кейіпкерің - суретін сал!» - шеберлік сыныбында комикс салу шеберлігіне үйретеміз.

12 СӘУІР
- Ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Болашақ Сәтбаевтар» байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттаймыз.

Мекен-жайымыз: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов