Өрт сөндірушілер – кітапханамызда!

Өскемендегі өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері кітапханамызға келіп, Қаныш Сәтбаевтың ел өркендеуіне қосқан орасан зор үлесі және адами қасиеттерге бай болмысы туралы кең мағлұмат алды. Кітапханамыздың үлкен экранды кино-залында қазақтан шыққан алғашқы геолог-ғалым туралы «Қазына» атты бейнефильм көріп, басқа да тың деректерге куә болды.
1899 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында өмірге келген атақты ғалымның туғанына биыл 125 жыл.
Қаныш Имантайұлы қызмет жолын қарапайым геолог-зерттеуші мамандығынан бастаған. Қазақстанның ғылым академиясын құрып, оның алғашқы президентіне дейін өскен. Ол халқын қалтқысыз сүйген ұлтшыл жүрегімен де ерекшеленді. Өмірімен де, қызметімен де жас ұрпаққа өнеге болар өзгеше таутұлға.
Айта кетер ақпарат, біздің кітапханамыз ғалымның 125 жылдық мерейтойына орай жасанды интеллект бойынша «Болашақ Сәтбаевтар» атты байқау жариялаған. https://bokeylibrary.kz/ сайтымыздағы Ережесімен танысып, қатысыңыздар!

Мекен-жайымыз: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов