«БОЛАШАҚ СӘТБАЕВТАР» / ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» БАЙҚАУЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫҚ

Ғалым Қаныш Сәтбаевтың  125 жылдық мерейтойына арналған «БОЛАШАҚ СӘТБАЕВТАР» / ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» атты облыстық байқауымызды ғалымның туған күнінде қорытындыладық. Жастарды  заманауи технологияға, ғылымға ынталандыру бағытындағы шараға 30-ға жуық  ұл-қыз қатысты.

ҮЗДІК ЖҰМЫСТАР:

  • «StAI-Мобильді қосымшасы». Авторы: ОРАЛБЕКОВА КАМИЛА, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.
  • «Қазақ тілін үйрету қосымшасы». Авторы: ЖЕҢІСБЕКОВА АСЫЛАЙ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.
  • «Python программалау ортасында бейнені тануды жүзеге асыру процесі». Авторы: КЕНЖЕХАНҚЫЗЫ ІНЖУ, Aбaй aтындaғы №33 oртa мектебінің 8 сынып оқушысы.
  • «3D-үлгі (bandicam)» бейнеролигі. Авторы: ФЕДОРОВ ВИКТОР, Облыстық арнайы  ІТ мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы.

Дарынды жастарды Өскемен қаласы әкімінің орынбасары ИРИНА СМИТ құттықтады. Үздіктер кітапхананың және жоғары оқу орындарының арнайы Кубогы,  Дипломы  және сыйлықтарымен марапатталды. Ғылымға және заманауи технологияны үйренуге деген ықыластарын арттыру ниетінде байқауға қатысушы жастардың  барлығына «Алғыс хат» берілді.

Қазылар алқасы құрамында Дәулет Серікбаев атындағы  ШҚТУ сандық технология және жасанды интеллект мектебінің профессоры, PhD докторы ИНДИРА УВАЛИЕВА,Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚ университеті "Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технология" кафедрасының лекторы БАҚЫТЖАН КӨПЖАСАРОВ, Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы АЗАМАТ БЕРДІБЕКҰЛЫ жастардың жұмысын жан-жақты саралап, бағалады.

Үздік балаларды сыйлықтарымен қуантқан Қазақстан – Американ еркін университетінің ректоры АЙДАР МӘМБЕТҚАЗИЕВҚА және Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚ университетінің ректоры ТӨЛЕГЕН МҰХТАРҒА алғыс айтамыз!

Новости филиалов