ЖАС ДОСТАРҒА – ЖАҢАЛЫҚ!

«КОМИКС ШЫНДЫҒЫ» атты жастар студиясының жұмысын бастадық!


Алғашқы шара аясында комикстің даму тарихы туралы танымдық әңгіме өткіздік.
3D-принтермен өзіміз жасаған комикс әлеміндегі ғажайып бейнелер мен бетперделерді көрсеттік.
Әр елдердің тұңғыш комикстеріне арнап, өзіміз жасаған қабырғалық комикс суреттерін (стенд) таныстырдық.
«Өз кейіпкеріңнің суретін сал!» атты шеберлік сыныбын өткізіп, комикс салудың қыр-сырын да үйреттік. Шабыттанған жастар ерекше жанрда ықыласпен сурет салып, өз дарындарын көрсетті.


ДОСТАР!
«КОМИКС ШЫНДЫҒЫ» атты клубымызға келіп, қиялдарыңызды шындыққа айналдырыңыздар!
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83

Новости филиалов