Оқушылар ғарышқа сапар шекті

12 сәуір - дүниежүзілік ғарышкерлер күні қарсаңында Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қызметкерлері балалардың жадында қалатын ерекше шараларды жүзеге асыруда.
Қаламыздың Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің 7 және 5 сынып оқушылары кітап ордасынан турасынан ғарышқа сапар шекті. Жасөспірімдерге ғарыш саласы, қазақстандық ғарышкерлер, «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайлы қызықты деректер айтылды. Сонымен қатар, жеткіншектер керемет деректі бейнефильдерді тамашалап, ғарыш станциясынан кеңістікке әсерлі саяхат жасады.

Новости филиалов