Кітапхана туралы
«ҒЫЛЫМ» СЕНБІСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

20 сәуірде, сағат 11:00-де «IQ – Ұлттық Санаңды Серпілт!» атты дәстүрлі сенбіміздің аясында өтетін «Ғылым» күні кереметтерін көруге келіңіздер!
БАҒДАРЛАМАДА:
- «Қазақстанның Ядролық қоғамы» бірлестігінің «Атом технологиялары жөніндегі ақпарат орталығының» басшысы СЕЙІТ ӘЛИЕВПЕН кездесіп, атом ғылымы туралы танымдық сұқбатқа куә боласыздар.
- «БОЛАШАҚ СӘТБАЕВТАР. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» байқауында жастардың заманауи технологиямен жүзеге асырған үздік жұмыстарымен танысасыздар.
- Кітапханамыздың «ЖАСЫЛ ҮЙ» экологиялық орталығы жас ғалымдарының зертхана зерттеулеріне қатысып, өздеріңіз де жасап көресіздер!
- Тағы бір кереметіміз «Планетарий» күмбезінде ғарышқа саяхат жасайсыздар!
Құрметті жас Достар!
Хәкім Абайдың «Ғылым таппай мақтанба!» деген аманатын орындап, ғылым табуға бірге талаптанайық! Келіңіздер!
Хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов