Кітапхана туралы
Бейбіт Атом күндері







Мамандық таңдау – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Өзі қалаған мамандықты оқып шыққан жастар қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұранысқа ие болып жатады. Сіңірген еңбегі еш кетпей, сол саланың мақтанышына айналады.
Осыған орай мектеп оқушыларына мамандықтар туралы дұрыс бағыт-бағдар беру үшін 17-18 сәуір күндері Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Бейбіт Атом күндері» аясында «Қазақстанның ядролық қоғамы» және Томск политехникалық университетінің өкілдерімен танымдық кездесу өтті. Кездесу барысында ядролық энергетикадағы заманауи технология және Атом саласын дамыту бағытындағы жоспарлар талқыланды.
Сонымен қатар қатысушыларға арналып «BEAM-жұмысты жүзеге асыр!» шеберлік сыныбы, «Жаңа материалдар алу технологиясы» атты воркшоп, «Электр энергетикасы» шеберханасы, «Индастриал Квиз» - Томск политехникалық университетінің тарихы мен технология, заманауи құрылымдары туралы қызықты ойын өтті.
Танымдық кездесуге қатысқан оқушылар университет өкілдерінің жасаған жұмыстарымен танысып, өздерін қызықтырған сан түрлі сауалдарға жауап алды.
Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов