«ҒЫЛЫМ» СЕНБІСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

20 сәуірде, сағат 11:00-де «IQ – Ұлттық  Санаңды  Серпілт!» атты дәстүрлі сенбіміздің аясында өтетін «Ғылым» күні кереметтерін көруге келіңіздер! 

БАҒДАРЛАМАДА:

  • «Қазақстанның  Ядролық  қоғамы» бірлестігінің  «Атом  технологиялары жөніндегі  ақпарат орталығының»  басшысы  СЕЙІТ  ӘЛИЕВПЕН  кездесіп, атом  ғылымы туралы танымдық сұқбатқа куә боласыздар. 
  • «БОЛАШАҚ  СӘТБАЕВТАР. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ»  байқауында  жастардың заманауи  технологиямен жүзеге асырған үздік  жұмыстарымен танысасыздар.
  • Кітапханамыздың «ЖАСЫЛ ҮЙ» экологиялық  орталығы  жас ғалымдарының   зертхана  зерттеулеріне  қатысып, өздеріңіз де жасап көресіздер!
  • Тағы бір кереметіміз «Планетарий» күмбезінде ғарышқа саяхат жасайсыздар!

Құрметті жас Достар!

Хәкім Абайдың «Ғылым таппай мақтанба!» деген  аманатын орындап, ғылым табуға бірге талаптанайық! Келіңіздер!

Хабарласыңыздар:

 8 (7232) 25-17-70

 +7 747 212 83 31

 +7 707 494 98 83

Мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов