Кітапхана туралы
КІТАПХАНАМЫЗДАҒЫ ҒЫЛЫМ КҮНІ








Кезекті интеллектуалды сенбілікте кітапхана оқырмандары Қазақстанның тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «БОЛАШАҚ СӘТБАЕВТАР: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» байқауында жастардың заманауи технологиямен жүзеге асырған үздік жұмыстарымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, жастарды ғылымға ынталандыру бағытындағы шараға 30-ға жуық талапкер ұл-қыздар қатысқан еді. Бірінен бірі асып түсетін ғылыми жұмыстар күні ертең-ақ жалпақ жұрттың игілігіне айналары сөзсіз.
Сонымен қатар көрермендеріміз «Қазақстанның Ядролық қоғамы» бірлестігі «Атом технологиялары жөніндегі ақпарат орталығының» басшысы СЕЙІТ ӘЛИЕВПЕН кездесіп, атом ғылымы туралы танымдық сұхбатқа куә болды, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кітапханамыздың «ЖАСЫЛ ҮЙ» экологиялық орталығының эко-еріктілері, ШҚУ-дың химия факультетінде білім алып жатқан жас ғалымдар Бахытқызы Ақбота мен Берік Диас көпшілік алдында өздерінің зертханалық жұмысын жасап, күнделікті тұрмыста таза ауыз су мен хлорланған судың адам ағзасына келтірер пайдасы мен зиянын көрсетті.
Шара соңында ата-анасына еріп келген кішкентай оқырмандарымыз «Планетарий» күмбезінде ғарышқа саяхат жасап, әрбір планетаның атын атап, түсін түстеп мәз-мейрам болды.
Осымен біздің сенбілік ғылым апталығымен аяқталды.
Ғылыммен айналысатын және ғылыми бағыттағы алғашқы қадамдарын жасап жатқан әр адамға мол табыс пен жақсы жаңалықтар тілейміз! Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Еліміздің арқа сүйер тұлғасы болу үшін ғылым-білімге құштар, сауатты, жан-жақты болуымыз керек. Оқиық, білейік, жеңейік!
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов