Кітапхана туралы
МАМЫР МЕРЕКЕЛЕРІН ҚАЗАҚША ДӘРІПТЕДІ
«Кел, сөйлесейік!» қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету клубының қатысушылары бүгін қазақ тілінде өнер көрсетіп, кітап ордамызды ән мен күйге бөледі. Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей кітапханасы ұйымдастырған «Қазақстан - бірлігімен бақытты Ел!» атты мерекені мемлекеттік тіл жанашырлары - Қазақ тілінің білікті маманы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Надежда Шушаникова және Василий Березовский жүргізді. Қатысушылар шара басында Ел Әнұранын әуелете шырқады. Осыдан кейін Қазақстан Халқының Бірлігі мен Отан қорғаушылар туралы ән айтып, өлең оқыды. Енді бірі Абайдың «Айттым сәлем, қалам қас» әнін гитарада орындап, көпшіліктің көңіл күйін тербеді. Тағы бір қатысушы мамыр мерекелерін суретпен бейнелеп, мазмұнын қазақша сипаттап берсе, келесі қатысушы тамылжыта тілек айтып, риза етті. Түрлі сала мамандары мен балалар «Кел, сөйлесейік!» клубында қазақ тілін жоғары деңгейде үйренгендерін өнер арқылы дәлелдеді. «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін әуелете шырқап, мерекелік кешті түйіндеді. Осылайша мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсеткен қатысушыларға сый - сияпат көрсетілді.
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов