Құтқарушы – өрт сөндірушілер – кітапханада

Еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың  100 жылдық  мерейтойы еліміз бойынша атап өтілуде. Осыған орай, батырлардың өнегелі өмірін насихаттап, дәріптеу бағытында біздің кітап ордамызда да шаралар жалғасуда.

Соның бірі, бүгін ШҚО ТЖД қызметкерлеріне  әйгілі тұлғалардың  әскери жолы туралы әңгімелеп, деректі бейнефильмдер көрсеттік.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  Рейхастагқа Ту тіккен ержүрек  қазақ  Рақымжан  Қошқарбаев ол кезде  небәрі 20 жаста ғана еді. Ал,  даңқты батыр Сағадат Нұрмағамбетов Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс саласын қалыптастыруда теңдессіз үлес қосты.

Халық Қаһармандарының өмірі ұрпаққа өнеге!

Новости филиалов