«Қазақ руларының тарихы»

Құрметті достар, «QALAM Global дәрісханасы» жобасы сіздерді 2024 жылдың 8 маусымында өтетін белгілі қазақ тарихшысы және жазушысы, «Қазақ тарихи қоғамының» атқарушы директоры Радик Темірғалиевтің дәрісіне шақырады.

Дәріс тақырыбы: «Қазақ руларының тарихы»

Қазақ руларының тарихы ертеден бастау алады. Дәріс берушіні тыңдай отырып, онымен бірге әртүрлі рулардан құралған, кейбірі екі-үш мың жылды құрайтын қазақ этносының қалыптасуынана үңілесіз.

Түрлі тайпалық одақтарды біріктіру жолында қандай тарихи оқиғалар болғанын және қазіргі қазақ елінің құрылуы, оның қалыптасуы туралы біле аласыз.

Радик Темірғалиев «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Соңғы батырлар дәуірі», «Қазақтар және Ресей» және «Қазақтар. Бабалар жолы» атты әйгілі кітаптардың авторы. Жақында «Тамға. Қазақ руларының тарихы» атты туындысы нағыз бестселлерге айналды.

Автордың зерттеулері қазақ мемлекетінің құрылуының әрқилы кезеңдерін, жекелеген рулардың тарихын, олардың қоғамды топтастырудағы рөлін қамтиды. Көрнекті тұлғалардың рөлі мен қалың елдің болашағы үшін шешім қабылдауға әсер еткен жағдайларды талдайды.

Дәріс 2024 жылдың 8 маусымында Өскемен қ., Астана көш., 8/1 мекенжайы бойынша Shinyriver қонақ үйінің конференц-залында өтеді.

Басталуы: 15:00

Дәріс орыс тілінде өтеді, қатысу тегін.

Юрий +7 707 677 2878

Сергей +7 707 216 49 21

Qalam Global – Орталық Азия мен бүкіл әлем халқының тарихына және мәдениетіне арналған көптұғырлы ғылыми-біліми жоба. Жобаның негізі – әлемдік тарихи процестерге Орталық Азия көзімен қарау. Барлық негізгі материалды әлемнің түрлі елінен шыққан, кәсіби ортада үлкен беделге ие тарихшылар, философтар, өнертанушылар, саясаттанушылар жазады. Жобаға қазір Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей және басқа мемлекеттердің зерттеушілері қатысып жатыр. Қазір Qalam Global жобасын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға болады: https://qalam.global

Новости филиалов