Кітапхана туралы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚУАНЫШТЫМЫЗ!


РАХЫМБАЕВА БАХТЫЛЫ СЕКЕНҚЫЗЫ күлімкөз көркем бойжеткен шағында мәдениет саласының есігін ашқан еді. Содан бері жүйріктей жүйіткіп 45 жыл да өте шығыпты. Абзал жанның аймақ мәдениетін дамытуда жүрек жалыны мен дарынын аямаған еңбегі ұланғайыр деуге болады. Соның ішінде, аймақтағы кітап ордаларын заманауи үлгіде дамыту арқылы ұлттық құндылықтарымызды сақтауға қосқан үлесі орасан.
БАХТЫЛЫ СЕКЕНҚЫЗЫ Финляндия, Сингапур, Франция, АҚШ, Греция, Швейцарияда өткен дүниежүзілік кітапханашылар қауымдастығының конференцияларына қатысып, іс-тәжірибе алмасу арқылы талай тың жобалар жазды һәм жүзеге асыруға белсенді қатысты.
Бүгінгі таңда Оралхан Бөкейдің кітап ордасын жан-жақты дамыту бағытында белсенді қызмет етуде. Мейірбан жүрегімен жастарға өз іс-тәжірибесін үйретуден де еш жалыққан емес.
Құрметті БАХТЫЛЫ СЕКЕНҚЫЗЫ!
Ерен қызметіңіздің өтеуі – «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» марапатыңыз құтты болсын!
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов